Атауы Жүктеу
1 Мобильдік топ жұмыс жоспары
2 Мобильдік топ құрамы
3 Мобильдік топ құру туралы Бұйрық
4 1 - Қалалық мобильдік топ Педагогикалық семнар - практикум бағдарламасы
5 2 - Қалалық Мобильдік топ Дөңгелек үстел
6 3 - Қалалық мобильдік топ Педагогикалық шеберлік сағаты

15 "Жидек" бөбекжай-балабақшасының мобильді тобы жеке балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілерін 2024 - 2025 оқу жылына бағытталған оқу тәрбие жұмысының жоспарының және "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" мазмұнымен және ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында оқыту семинарын өткізді. Семинарда меңгеруші Иманова Г.Қ, әдіскер Кубашева С.Т, психолог Клещёва Т.И, тәрбиешілер Саркулова Ж.Т, Қожахмет С.Р. бағдарлама бойынша ойларын ортаға салып, жүргізілетін жұмыс жобасын практика жүзінде көрсетті.



№15 «Жидек» бөбекжай - балабақшасында 2025 жылдың 31 наурыз күні «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес жеке МДҰ меңгерушілеріне қалалық мобильді топтын кезекті «Мектепке дейінгі ұйымның басты құрамдас бөлігі балабақша ішілік бақылау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті .
Шеберлік сағаттың мақсаты: педагогикалық ұжымды басқару әдісімен стилін жүзеге асыру, бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу тәрбие процесін нақты талдауды қамтамасыз ету. Шеберлік сағаттың аталған тақырып аясында №15 «Жидек», №49 «Думан», №41 «Назерке», №30 «Ұрпақ» балабақшаларының меңгерушілері іс - тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар кері байланыс жасап, жақсы көңіл - күймен қорытындыланды.


26 - ақпан күні N15 "Жидек" бөбекжай балабақшасында меңгерушілерге арналған мобильдік топтың кезекті отырысы өткізілді. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер". Дөңгелек үстел барысында меңгерушілер Г.Н.Жантурина, Р.Т. Бисенова, А. Қ. Мурзалина, Г.Қ. Иманова, И.С. Сандыбаева, Н.Н. Калташкина өз тәжірибелерімен бөлісті. Отырысқа офлайн 15 меңгеруші, онлайн түрде 31 меңгеруші қатысты.


«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» MM - нің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №40 бұйрығына сәйкес құрылған Мобильді топ жұмыс жоспары бойынша 31.01.2025 ж күні №15 «Жидек» бөбекжай - балабақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымда балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерін толыққанды дамытуға мүмкіндік беретін факторлар» тақырыбында қалалық мемлекеттік және жеке балабақшалар меңгерушілеріне арналған онлайн / офлайн форматтағы семинар - практикум өтті. Семинар барысында Мобильдік топ жетекшісі №15 «Жидек» б - балабақшасының меңгерушісі Иманова Гульсая Картбайовна балалардың ерте жастан психофизиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін заттық - дамытушы ортаны ұйымдастыру жолдарына тоқталып өтті. Сонымен қатар педагогтер, психолог маманы өз іс - тәжірибелерімен бөлісіп, семинар қатысушылары балабақша меңгерушілері кері байланыс жасап, жақсы көңіл - күймен қорытындыланды.