№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасында 2025 жылдың 31 наурыз күні «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес жеке МДҰ меңгерушілеріне қалалық мобильді топтын кезекті «Мектепке дейінгі ұйымның басты құрамдас бөлігі балабақша ішілік бақылау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаттың мақсаты: педагогикалық ұжымды басқару әдісімен стилін жүзеге асыру, бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу тәрбие процесін нақты талдауды қамтамасыз ету. Шеберлік сағаттың аталған тақырып аясында №15 «Жидек», №49 «Думан», №41 «Назерке», №30 «Ұрпақ» балабақшаларының меңгерушілері іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар кері байланыс жасап, жақсы көңіл-күймен қорытындыланды.


26 - ақпан күні N15 "Жидек" бөбекжай балабақшасында меңгерушілерге арналған мобильдік топтың кезекті отырысы өткізілді. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер". Дөңгелек үстел барысында меңгерушілер Г.Н.Жантурина, Р.Т. Бисенова, А. Қ. Мурзалина, Г.Қ. Иманова, И.С. Сандыбаева, Н.Н. Калташкина өз тәжірибелерімен бөлісті. Отырысқа офлайн 15 меңгеруші, онлайн түрде 31 меңгеруші қатысты.


«Оқыту, тәрбиелеу. жақсы көру» Х III Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы. Астана қаласы, 21-22 қазан 2022ж №15 «Жидек» б/б тәрбиеші Қожахмет С.Р.

10 қараша 2022 ж. Ақтөбе каласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша №15 «Жидек» б/б «Функционалдық сауаттылықтың алғышартың қалыптастыру» тақырыбында педагогиқалық ринг түрінде қалалық семинар өтті. Семинарға № 39 «Достық» б/б, № 49 «Думан» б/б, № 15 «Жидек» б/б, педагогтары қатысып кәсіби шеберлігін көрсетіп іс-тәжіребелерімен алмасып оң көніл-күйде тарқасты. Семинар соңында әріптестер кері байланысқа шығып, бала тәрбиесіне қатысты өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.

22 қараша күні Ақтөбе қаласының білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес №48 «Шаттық» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымның «Балабақшадағы заттық дамытушы ортаны дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны қалыптастыру және жетілдіру арқылы бала дағдылары мен қасиеттерін тиімді әрі тез дамыту жолдары. Осы бағытта жүргізілетін жұмыс түрлерімен тәжірибе алмасу.

Семинарға №48 «Шаттық», №34 «Таңшолпан», №15 «Жидек» балабақшаларының тәрбиешілері Сырбаева Р.Р. , Көптілеуова Г.Ж., Кажмуханова Г.К., Даукулова А.А қатысып, ұлттық құндылықтар кіріктірілген ойындар көрсетті және жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті. Семинарға қатысқан педагогтер жақсы әсерде қорытынды жасап өз ризашылықтарын білдірді.