«№15 «Жидек» бөбекжай-бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Біздің «Жидек» балабақша – бұл ...

* ең үлкен мектепке дейінгі ұйым;
* ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе;
* оқушыға бағытталған педагогика;
* мұғалімдер, балалар және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық жүйесі;
* тұрақты даму, ізденіс;
* бұл жас таланттар;
* әртүрлі модельдер жасау және балалардың шығармашылық дамуы;
* қоршаған әлемге көркемдік талғамын, сүйіспеншілігін, құрметін қалыптастыру;
* үйлесімді тұлғаны дамыту;
* балалардың интеллектуалдық және эмоционалдық энергиясын ояту;
*бұл жоғары сапалы мектепке дейінгі дайындық.

Балаларға деген сүйіспеншілік, шығармашылық ізденіс, белсенділікке деген тынымсыз құштарлық, кәсіби тәжірибе балабақшамыздың педагогикалық ұжымын ерекшелендіреді.

№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының 2023-2024 оқу жылына

арналған білім деңгейі мен педагогтардың сапалы құрамы

п/н

Жыл

Барлық педагогтар

Білімі

Санаты

 

2023-2024

34

Жоғары

Жоғары мектепке дейінгі е

Арнаулы орта мектепке дейінгі

жоғары

І

ІІ

Педагог-модератор

Педагог- эксперт

Педагог – зерттеуші

Санаты жоқ

1

16 (47%)

8 (24%)

18 (53%)

1 (3%)

1

(3%)

2 (6%)

7 (21%)

2

(6%)

4 (12%)

17 (50%)

 

 

«№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорыны

«Жидек» балалық шақ әлемі 

«Ақтобе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің № 15 «Жидек бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1980 жылы құрылған. Мекемеде мектепке дейінгі жастағы 280 бала тәрбиеленеді. Мемлекеттік мекеме типтік кешенде орналасқан, 11 топтық бөлмесі, музыка, дене шынықтыру залдары, қазақ тілі әдістемелік, логопед, психолог, дефектолог, медициналық кабинеттер және сенсорлық бөлме бар.

Педагогикалық ұжымның алға қойған мақсаты - болашақта тәрбиелі, өз елін сүйетін, дені сау бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

Бүл бағытта 37 педагог маманымыз еңбек етуде. Біз үшін «Әр бала –жеке тұлға»

 

 

Құрылтайшы

Ақтөбе қаласы әкімдігі

Меншік нысаны

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Мекен жайы

Ақтөбе қаласы Кереев көшесі, 3 А

Құрылған жылы

26 қыркүйек 1980 жыл

Жолбалық қуаты

280 орын

қызмет түрі

Бағыты:

- балалалардын мектепке дейінгі ұйымда табысты бейімделуі және дамуы үшін жағдай жасау:

- мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу тәрбие жұмысын жүзеге асыру;

- балалардың дамуындағы бұзылыстарын түзетуде балалар мен ата -аналарға педагогикалық психологиялық көмек көрсету;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды педагогикалық- психологиялық ертіп жүру.

Қызмет тақырыбы:

- мектепке дейінгі жаңартылған білім беру мазмұны аясында түлектердің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру;

- коммуникацияның тиімді дағдыларын, сыни және креативті ойлау, команда құрып жұмыс жасау және ынтымақтастық дағдыларын меңгеру.

- балаларды жалпы адами және ұлттық құндылықтарға баулу.

Бар құрылымы

Мектепке дейінгі ұйымның ғимараты 1980 жылы салынды. Ғимараттағы жылу жүйесі орталықтандырылған. Қазіргі заман талабына сай интерактивтік тақта, проектор және 2 жылжымалы экран, музыкалық орталық бар. Ғимаратта бейнебақылау камералары, өрт дабылы қондырылған, интернет желісі , Wi-fi бар. Оқу тәрбие процесі үлгілік бағдарламаға сәйкес жүргізілуде.

 

№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасы Ақтөбе қаласында орналасқан. Жалпы тәрбиеленушілер саны 276 құрайды.

№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасы негізінде бірнеше жыл қатарынан жобалық іс-әрекет технологиясың еңгізу мақсатында облыстық шығармашылық зертхана, жұмыс жасады. Осы жұмыс нәтижесі ретінде тәжірибе жетістіктері қала мен облысқа таралды.

Бөбекжай-балабақшаның ұжымы мектепке дейінгі тәрбие бойынша типтік бағдарламаны апробациялау экспериментіне, «Кәсіби бағдарлық жұмыс» шығармашылық зертханасына қатысты. Қазіргі таңда бақшамыз 2021 жылдың қаңтарынан бастап «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілікбілім беру бағдарламасын оқу-тәрбие процесіне кіріктіру» бойынша преспубликалық пилоттық жобаның қатысушысы болып табылады.

№15 бөбекжай-балабақшасы спорттық жетістіктерді атап өту керек. Он жыл бұрын балабақша теннис ойынын ұйымдастырды.Теннис дамуына үлес қосқан -қалалық теннис жетекшілігі. Алғашқы алты бірліктің ішінде №15 б/б теннис ойыны бойынша ақысыз теннис үйірмесіне қатысты. №15 МДҰ меңгерушісі мен педагогтары мектепке дейінгі теннис идеясына қолдау көрсетті. 100 бала көлемінде үйірмеге қатысты. Бөбекжай-балабақшасының 7-15 жастағы түлектері бүгінде Кирпичный селосы, Батыс 2 ауданында кәсіби теннис ойынын жалғастыруда. Олар алғашқы қадамдарын біздің мекеме қабырғасынан бастады.

Теннис алаңының ұйымдастырылуы ата-аналарды достық қарым –қатынасқа жетелеп, отбасында салауатты өмір салтын сақтау септігін тигізді.

Балабақша жетістігін атап өтетін болсақ, түлектерінің 85 пайызы жақсы оқиды. Балабақша тәрбиеленушілері бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық сайыстар мен жарыстардың жеңімпаздары. №11, №2 орта мектептерімен, музыка мектебімен, №1 өлкетану мұражайымен, Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасымен, «Алақай» театрымен, облыстық жасөспірімдер спорттық мектебімен, жас натуралистер станциясымен бірлесіп жұмыс жасайды.

№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасында 2 логопедтік топ жұмыс істейді: ересек және мектепалды даярлық топтары 24 баланы құрайды. Түзету топтарындағы жұмыстың мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларға түзету көмегін көрсету, сондай-ақ балалардың мектепте білім алуының басында тең бастапқы мүмкіндіктер жасау болып табылады. ППТК-інде әдіскер, логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог жұмыс жасайды. 

Балалармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оқу жылының басында диагноздар нақтыланып, мамандармен балаларды логопедиялық тексерулер жүргізілді, 2023-2024 оқу жылына түзету жұмыстарының жеке жоспарлары жасалып, жұмыс кестелері жасалды.

Балалардың диагноздарына сәйкес балалармен түзету жұмыстары жасалынады, балалармен түзету жұмыстарының жеке бағдарламалары жасалады. Түзету топтарында және ППТК-інде балалармен түзету жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалып, дидактикалық материалдар жинақталған. Бір жыл ішінде мұғалімдер қалалық логопедтер мен ППТК мамандарының әдістемелік бірлестігіне қатысады. Ата-аналармен: жеке және топтық кеңестер, семинарлар, ата-аналар жиналыстар жұмыстары жүргізіледі.

Балабақша мен отбасы арасында байланыс жасалып тұрады. Ата-аналармен жұмыс жасауда әртүрлі жұмыс формалары қолданылады: мамандармен кеңестер, тренингтер, сауалнамалар. Бірыңғай білім беру және оқыту бағдарламасының жоспарына сәйкес №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының базасында ата-аналар мектептері («Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мен аталар мектебі») жұмыс жасайды. Ата-аналарымыз жобаларды, мерекелерді, ертеңгіліктерді дайындауға және өткізуге, сондай-ақ, абаттандыру бойынша байқаулар мен іс-шараларға белсене қатысады

 

Біздің балабақшамыздың Тик - ток парақшасына қош келдіңіздер!
15 "Жидек" бөбекжай - балабақшасының тик - ток парақшасына қош келдіңіздер! Бала - бақшамыздың қызықты сәттерін бірге тамашалайық!