№15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының психологы

Клещёва Татьяна Ивановна
Білімі: Жоғары
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2004ж.
Диплом бойынша мамандығы: Психология (психолог, психология оқытушысы)

Білім жетілдіру курсы:
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ базасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары, 2019 ж.

Санаты: Педагог-зерттеуші

Педагог жұмыс істеп жатқан өзекті мәселе: Балалар мен мектепке дейінгі тәрбиешілердің психологиялық денсаулығын қалыптастыру.

Марапаттары, жетістіктері:
Республикалық олимпиадалар:
2018 жыл – «Психология олимпиадасы» – республикада 2 орын және облыс бойынша 1 орын;
2019 жыл – I Республика «Үздік мектепке дейіңгі ұйым қызметкері» - II дәрежелі диплом;
2019 ж. – «Психология олимпиадасы» – республика бойынша ІІІ орын және облыс бойынша І орын;
2019 ж. – II Республика «Үздік мектепке дейіңгі ұйым қызметкері» – III дәрежелі диплом;

Что разработано и выпущено педагогом (название проблем, разработок сборников, электронной среды
Оқытушы әзірлеген және шығарған (өзекті мәселелер, жинақтар, электронды орта атауы)

2014 ж. – «Мектепке дейінгі мекемеге бейімделу кезеңінде психологтың балалармен жұмысы» атты әдістемелік ұсыныстар әзірленіп шығарылды.
2019 ж. – «Мектеп жасына дейінгі гиперактивті балалармен психологтың жұмысы» атты әдістемелік жинақ әзірленіп, жарық көрді;
2019 жылы – «Балабақшадағы педагогикалық процеске қатысушылардың психологиялық қауіпсіздігін қолдау» электронды ортасы шығарылды.
2019 жыл – облыстық «Ақтөбе ұстазы» газетінде ата-аналар мен мұғалімдерге арналған «Мектептегі оқуға психологиялық дайындық» сабағы;

2019 ж. – «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журналында «Баланы балабақшаға бейімдеу кезеңінде қалай қолдау керек» және «Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалық іс-әрекетті қолдау бойынша психологтың жұмыс жүйесі» мақалалары жарияланды;
2019 ж. – республикалық martebe.kz сайтында «Қаршақыз» ертегі терапиясы сабағы;
2019 жыл – infourok.ru халықаралық сайтында «Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың балабақшаға бейімделу ерекшеліктері» жарияланды.


Құрметті ата - аналар! Балаңыздың балабақшаға баруын жеңілдету және ажырасудың эмоционалдық күйзелісін азайту үшін сіз күн сайын белгілі бір ережелерді, сондай - ақ балаларыңыздан бөлек тұрудың әдістері мен «салттарын» ұстануға болады. Біз сізді олармен танысуға шақырамыз. Құрметпен, психолог Т.И. Клещева


Психологиялық кеңес «Егер бала қыңырлық көрсетіп, өзін дұрыс ұстамаса?». Клещёва Т.И.
Алдымен не істеу керек?
1. Ұйқы және белсенділік режимін сақтау.
Бала толық күшін қалпына келтіру үшін күндізгі ұйқымен бірге 9,5 - 11 сағат, ал күндіз ұйықтамаса - шамамен 12 сағат ұйықтауы қажет.
2. Гаджеттерді шектеу:
Телефон мен басқа да құрылғыларды қолдану уақыты:
- 3-4 жаста - күніне 30 - 40 минуттан аспауы керек,
- 5-7 жаста - күніне 1 сағаттан артық болмауы тиіс.
3. Тәттіні тұтынуды шектеу:
Дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастыру, ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерде түсуін қадағалау керек.
4. Баланың танымдық дамуына көңіл бөлу:
Танымдық ойындар ойнау, ертегі оқу, сурет салу, мүсіндеу, сөйлеу тілін дамыту қажет.
Бұл шаралар жағдайды жақсартуға негіз болады және әрі қарай қандай бағытта әрекет ету керектігін анықтауға көмектеседі.
Назарларыңызға рахмет!Психологиялық кеңес «Егер бала қыңырлық көрсетіп, өзін дұрыс ұстамаса?». Клещёва Т.И. Алдымен не істеу керек? 1. Ұйқы және белсенділік режимін сақтау. Бала толық күшін қалпына келтіру үшін күндізгі ұйқымен бірге 9,5 - 11 сағат, ал күндіз ұйықтамаса - шамамен 12 сағат ұйықтауы қажет. 2. Гаджеттерді шектеу: Телефон мен басқа да құрылғыларды қолдану уақыты: - 3-4 жаста - күніне 30 - 40 минуттан аспауы керек, - 5-7 жаста - күніне 1 сағаттан артық болмауы тиіс. 3. Тәттіні тұтынуды шектеу: Дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастыру, ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерде түсуін қадағалау керек. 4. Баланың танымдық дамуына көңіл бөлу: Танымдық ойындар ойнау, ертегі оқу, сурет салу, мүсіндеу, сөйлеу тілін дамыту қажет. Бұл шаралар жағдайды жақсартуға негіз болады және әрі қарай қандай бағытта әрекет ету керектігін анықтауға көмектеседі. Назарларыңызға рахмет!