Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай балабақшамыздың «Алма» мектепалды тобы батыр ару - Әлия Молдағұлова атындағы мұражайға барып, тарихи танымдарын кеңейтіп қайтты.
Балалар мұражай ішіндегі құнды жәдігерлермен танысып, батырдың ерлік жолы туралы тың деректер алды. Мұражай ішінде орналасқан ескерткішке гүл шоғын қойып, ерлікке тағзым еттік.
Шара барысында бүлдіршіндер батырлар туралы тақпақтарын айтып, патриоттық әндер орындады. Бұл - олардың бойындағы отансүйгіштік сезімді оятудың тамаша үлгісі болды.
Осындай тағылымды іс - шаралар арқылы біз жас ұрпақтың бойында елін, жерін сүйетін азаматтық рухты тәрбиелейміз!
Тәрбиешілер: Сырлыбайқызы Венера
Жаманкулова Ж.Т.
Музыка жетекшісі: Байтина Р. С.


















