Тақырыбы: «Бөбекжай - балабақшаның жаңа 2024 - 2025 оқу жылына дайындығы» 
Күн тәртібінде:
1. Жазғы кезеңдегі педагогтердің есептері
2. ⁠Б/б жаңа оқу жылына дайындығы
3. ⁠«Топтардың жаңа оқу жылына дайындығы» ағымдык тексерудің қорытындысы
4. ҚР мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2024 - 2025 оқу жылында тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұскау хатымен және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын таныстыру.
5. 2024 - 2025 оқу жылының оқу тәрбие жұмыс жоспарын талқылау және бекіту (Оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс - әрекет кестесі, топтар бойынша перспективалық жылдық жоспарларды, ата - аналармен жұмыс жоспарын, күн тәртібін бекіту)
6. 2023 - 2024 оқу жылындағы педкадрларды аттестаттау қорытындысы

Nº1 педагогикалық кеңесін Г.К.Иманова ашып, педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Жаңа оқу жылының міндеттері мен алға қойған жоспарларын баяндап шықты.
Әдіскер С. Т. Кубашева педагогикалық кеңеске жаңа оқу жылының оқу жұмыс жоспарын, жылдық тәрбие жумыстарын, ҰІӘ кестелерін, перспективалық
жоспарларды және қосымша арқылы бағдарламаларды бекітуге ұсынды.
Барлық топтардың жаңа оқу жылына санитарлық жағдай туралы есебін мейірбике А.М. баяндап шыкты.
«Топтардың жаңа оқу жылына дайындығы» ағымдық тексерудің қорытындысын әдіскер С.Т. Кубашева оқыды.