7 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жидек» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері үшін экскурсия өтті. Олар жаңа панорамдық кітаптар, қазақ халық ертегілері, «Пішіндер», «Түстер», «Цифрлар» шағын кітаптармен, «Аюка», «Балаби», «Балдырған» және тағы да басқа журналдармен танысты. Көңілді Көпбілгішпен бірге кішкентай оқырмандарымыз ертегі кейіпкерлерін танып, тақпақ айтып, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білді. Экскурсиядан бөлек, балалар «Ақтөбе» телеарнасына сұхбат беріп, кітапмен дос екендіктерін және кітапханаға анасымен, әжесімен келгенді ұнататынын жеткізді.